Компания жайлы
«КПВД» коллекторлық агенттігі» ЖШС - мерзімі өткен берешекті өндіріп алудың толық спектрін және толық циклін (сотқа дейінгі өндіріп алу, барулар, кездесулер, іздестіру, мемлекеттік органдарға сұрау салу, активтерді іздеу және т.б.) көрсететін агенттік, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізу шеңберінде өндіріп алуды ұйымдастыруды және сүйемелдеуді жүзеге асырады. ЖШС кепілмен қамтамасыз етілген қарыздар (көлік) және бланкілік қарыздар (револьверлік карталар, кепілсіз несиелер) бойынша жұмыс істейді.
Өндіріп алу бойынша қызметтердің толық спектрі
Cотқа дейінгі өндіріп алу, барулар, кездесулер, борышкерлермен байланыс орнату, іздестіру, мемлекеттік органдарға сұрау салу, активтерді іздеу және тағы басқалар
Сұрақ
«КПВД» коллекторлық агенттігі» ЖШС мерзімі өткен берешекті өндіріп алуға бағытталған іс-қимылдарды қандай құжаттың негізінде жүзеге асырады?
Жауап
«КПВД» коллекторлық агенттігі» ЖШС «Kaspi bank» АҚ мен «КПВД» коллекторлық агенттігі» ЖШС арасында жасалған Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар мен міндеттерді табыс ету туралы шарттың негізінде әрекет етеді. Банктік қарыз шарттары бойынша құқықтар мен міндеттерді табыс ету туралы шарт құпия ақпаратты құрайтын құжат болып табылады және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жариялануға жатпайды.